Әдеттегі тымау вирусын бір рет жұқтырып және одан жазылып кеткен адам кейін қайталай сол вирусқа шалдықпайтыны көп айтылады. Себебі, адам денесінде сол вирусқа қарсы иммуниеттің пайда болатыны қарапайым биологиялық сауаты бар адамның бәріне түсінікті. Алайда, күллі әлемді үрейге салған Covid-19 бұл заңдылыққа бағына ма?
Коронавирустан зардап шегіп жатқан елдерде инфекциядан сақайып кеткен науқастардың қайталай инфекцияға шалдығуы көбірек тіркелді. Испаниядағы мәлімет бойынша жазылып кеткендердің 14 пайызы қайталай қорқынышты індетпен ауырған. Бұл жағдай Жапония мен АҚШ жерінде детіркелді. Бұл індетке қарсы күрестің ауыр болатынын көрсеткендей.
Испанияның Ұлттық Биотехнология орталығының мәліметіне қарағанда вирус адамға екінші рет те жұғады немесе денедегі вирус 3 айға дейін сақталып, иммунитет әлсіреген кезде вирус қайта күшейеді.
Әдетте инфекцияға қарсы бір реткі емдеу шарасы сол індеттен өмір бойы қорғау мүмкін. Айталық, қызылшаға қарсы бір реткі вакцина сол ауырудан өмір бойы қорғайды.
Медицина мамандарын алаңдатып отырғаны Covid-19 қысқа уақыт ішінде қайта күш алып кетеді. Оған қоса ол грипп секілді инфекцияларға салыстырғанда көп мутация болмайды. Зерттеушілер аталған жаңа коронавирус біржолата жоғалып кетуден бұрын уақытылы күшейіп отыратынын айтады. Әрине, бұл да қазірше теория жүзінде. Оны толық дәлелдеу үшін қосымша зерттеулерді қажет етеді.
Зерттермендер әлемді дүрліктірген бұл инфекция жайында күн сайын жаңа мәлімет жинауда. Соның өзінде медицина мамандарын таңқалдырған кейбір сұрақтарға әлі де жауап жоқ.