Жапония үкіметі кезекті мәрте зымыран ұшырған КХДР басшылығына наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
Кеше Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аумағына анықталмаған модельдегі зымыран ұшырған. Бұған дейін президенттің жаңажылдық жолдауында Пиоңяң жақын арада «жаңа стратегиялық қарудың» пайда болатынын және «күтпеген әрекеттер» туралы ескерткен болатын. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, «стратегиялық қару» суасты қайығынан жіберілетін құрлықаралық баллистикалық ракетаның немесе баллитискалық ракетаның жетілдірілген түрі болуы мүмкін.
Былтыр АҚШ-пен ұзаққа созылған ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөздер аясында Солтүстік Корея зымырандарды 13 рет сынақтан өткізген болатын. Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні