Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға анықталмаған модельдегі зымыран ұшырды.
АҚШ Солтүстік Кореядан жасырын зымыран базаларын тапқан. Сол уақытта он үш баллистикалық зымыран базаларының таулы аймақтарда орналасқандығы белгілі болып, оларды іске қосатын қондырғылар анықталмаған. Сол себепті былтыр қазанда Уашингтон мен Пиоңяң Корея түбегін ядролық қарудан азат ету бойынша келіссөзді қайта бастайтынын хабарлаған.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, «стратегиялық қару» суасты қайығынан жіберілетін құрлықаралық баллистикалық ракетаның немесе баллитискалық ракетаның жетілдірілген түрі болуы мүмкін. Бұған дейін президенттің жаңажылдық жолдауында Пиоңяң жақын арада «жаңа стратегиялық қарудың» пайда болатынын және «күтпеген әрекеттер» туралы ескерткен болатын.
Былтыр АҚШ-пен ұзаққа созылып кеткен ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөздер аясында Солтүстік Корея зымырандарды 13 рет сынақтан өткізген болатын. Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы