 
                                    Гонконгте ереуілдер қайта жанданды. Бұл жолы наразы топ коронавирусқа шалдыққандарды карантинде ұстайтын ғимаратты өртеп жіберген.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап үлгерген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, бір адамды тұтқынға алды. Бұған дейін екі жүздей адам көшеге шығып, ереуілдер ұйымдастырған еді. Наразы халық биліктің бірқатар тұрғын үй кешендерін карантиндік аймаққа айналдыру шешіміне қарсы шыққан. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ереуілшілер ғимарттардың төменгі қабаттарын өртеп, жолды жауып тастаған.
Гонконгтегі жаппай наразылық шерулері маусымда басталған. 16 маусымда 2 миллионға жуық адам наразылық шеруіне шыққан еді. Шаһардағы наразылық шаралары бастапқыда гонконгтік азаматтарды экстрадициялау туралы заң жобасына қарсылықтан басталғанымен, соңғы кездері наразы топ Гонконг қаласының дербестігі туралы да ұрандар көтере бастады. Бұл – ел тарихында болмаған массалық наразылық акциясы. Осы сынды ауқымды наразылық шеруі Гонконгте 1997 жылдан бері болған емес. Сол тұста Британия үкіметі Гонконгті Қытай үкіметінің айрықша басқару тәртібіне өткеріп берген болатын. Бұған наразы жүз мыңдаған адам көшеге шығып, ҚХР билігін қабылдауға қарсы наразылық білдірген. Гонконгта жергілікті әкімшілік басшысы Кэрри Лам заң жобасын күн тәртібінен алып тастау туралы шешім қабылдады, бірақ бұл үкіметке қарсы наразылық толқынын тоқтатпады. осы ретте Гонконг мэрі Кэрри Лим: «Бұрынғы ашық, еркін, экономикалық қуатты, тұрақтылық бар шаһардан түк қалмады ма деп қорқамын. Қайта қалыпқа келу үшін біраз уақыт керек. Ереуілшілер әуежай жұмысын тоқтатып, метрода қақтығысқа шықты, полиция учаскелеріне де шабуыл жасап аласапыран туғызды. Ереуілшілер бір мезгіл ойланып, жан-жағына қараса екен деймін. Ойланбай жасаған қадамдары, қалаға қаншалықты зиян келтірді», – деп мәлімдеді.
25 қарашада Гонконгтың 18 аймағында өткен сайлауда оппозиция өкілдері айқын жеңіске жетті. Демократия үшін күрес жүргізген топ яғни оппозиция өкілдері 452 орынның 396-ына ие болған (шамамен 90%).












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                     Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                    