Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Гонконгтегі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, қазақстандық туристерге әзірше аталған қалаға бармауды ұсынды.
М.Тілеуберді сөзінде: «Гонконг орталығында көліктердің жүруі тығыз болып жатыр. Шеру, полициямен қақтығыс университет жақтарында. Жалпы, біздің Бас консулдығымыз орналасқан жер, басқа аудандар тыныш. Қазақстандық туристер негізінен барады. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты сәл кідіре тұрса деген ұсыныс бар», – деді.
Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қарашада наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған. Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оң қолының шынтағында ұстау кезінде құлағат сәтте алған аздаған жарақаты бар.
Осыған дейін Қазақстанның Гонконгтегі Бас консулдығы Гонконгтегі жағдайдың шиеленісуіне және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты еліміздің азаматтарына қалада қалыптасқан төтенше жағдайды ескеруді өтінген болатын. сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров сол жақтағы қазақстандық студенттерді елге оралуға шақырған.
Айта кетейік, Гонконг шаһарындағы наразылық шаралары бастапқыда гонконгтік азаматтарды экстрадициялау туралы заң жобасына қарсылықтан басталғанымен, соңғы кездері наразы топ Гонконг қаласының дербестігі туралы да ұрандар көтере бастады. 16 маусымда 2 миллионға жуық адам наразылық шеруіне шыққан еді. Бұл ел тарихында болмаған массалық наразылық акциясы әлі күнге дейін басылған жоқ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы