Қазақстанның Ақтөбе аумағынан табылған зымыран бөліктері Ресейдің атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге арналған геофизикалық ракетасына тиесілі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Апат болған жерде радиациялық фондық өлшеулер, топырақ пен қардың сынамалары алынған. Ведомство таратқан хабарламада: «Қалдықтар қоршаған ортаға да, Ақтөбе облысының тұрғындарына да қауіп төндірмейді. Гамма сәулеленудің дозасы осы аймақтың табиғи радиациялық фонынан аспайды», — делінген.
Ресми өкілдер: «Сондай-ақ, біз ресейлік БАҚ-тың қалдықтар «Искандер-М» зымыранына тиесілі деген ақпараттюы расталмағанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасындағы полигондарды Ресей Федерациясы мемлекет аралық келісімге сәйкес жалға алады. Министрлік осы келісімге түзетулер енгізеді, ең алдымен полигондарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтеді», — дейді
9 қаңтар түс кезінде, нақтырақ айтқанда сағат 14:30 шамасында (астана уақытымен 15:30) Ақтөбе облысына қарасты Байғанин ауданының Ноғайты және Ебейті елді мекендерінің аумағына өртенген темір бөлшек түскен.
11 қаңтарда Қазақстан Ресей Қорғаныс министрлігіне Ақтөбе аумағында өткізген сынақ, жаттығулар кезінде зымыран қалдықтары құлағанын хабарлаған. Қазақстан тарабы «зымырандар жаттығулардың жылдық жоспары мен кестесіне сәйкес жүзеге асырылды. Зымыранның құлауы салдарынан құрбан болғандар жоқ» — деп қысқа қайырған.
2013 жылы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде ұшыру аппаратының бөлшегі құлайтын аймақ ретінде Қазақстан аумағынан жер учаскесін беру туралы келісімге қол қойылған болатын. Сол уақыттан бері Қазақстанның әр аумағына бірнеше мәрте зымыран құлаған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?