Ұлыбритания өз елшісінің ұсталуына байланысты Иран билігіне «халықаралық құқық нормаларын бұзды» деп айып тақты.
Осы аптада Британияның Ирандағы елшісі Роберт Макэр Теһранда ереуіл ұйымдастырғаны үшін бірнеше сағатқа ұсталған болатын. Tasnim агенттігі: «Макэр университет алдындағы шерушілер арасында болды. Елші наразылық шарасына қатысушыларды радикалды әрекет жасауға шақырғаны үшін айыпталды», — деп хабарлаған. Елдің Сыртқы істер министрі Доминик Раб Теһранның бұл әрекетін сынға алып, елшіні ешбір негізсіз қамауға алу халықаралық құқық нормаларын бұзу екенін мәлімдеді.
8 қаңтарда Теһрандағы халықаралық әуежайдан Киевке ұшып шыққан «Украинаның халықаралық әуе желісі» компаниясына тиесілі «Boeing-737-800» ұшағы құлады. Ұшақта болған 176 адам: 167 жолаушы және 9 экипаж мүшесінің бәрі қаза болды. Дәл сол күні бірнеше сағат бұрын Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын зымыранмен атқылаған. Кейіннен Иран билігі апатты өз мойнына алған соң, елдің бірнеше аймақтарында наразылық шерулері басталған. Сонымен қатар, Уашингтон Теһранға экономикалық санкция енгізді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі