«Қытай Коммунистік партиясында қару күші болса, біз де ақиқаттың күші бар. Ұзақ болашақтан қарағанда, ақиқаттың күші қару күшінен әлде қайда қуатты». Бұндай пікірді Тибеттің рухани көсемі Далай Лама әлем буддистері үшін киелі орын саналатын Үндістандағы Бодх Гая сапары кезінде ортаға салды.
Ол сөзінде бұдан үш жыл бұрын Бейжің университеті жүргізген сауалнама нәтижесін алға тарта отырып, Қытайда 300 миллионнан астам буддист бар екенін, әрі бұл санның жылдан жылға өсіп келе жатқанын айтты. Қытайдағы буддистердің басым көбі Тибеттік буддизмге (Лама дініне) сенеді.
Үндістандағы PIT баспасөз қызметінің көрсеткен ресми мәліметінде, Далай Ламаны 1959 жылы Қытай әскері Тибет жеріне басып кіргенде Үндістаннан саяси баспана сұрай барғанын көрсетеді. Ал, Тибет орталық әкімшілігі аталған ұйымның ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда, Далай Лама 1988 жылы 15 маусымда «Қытай мен Тибет бейбіт келіссөзі» атты келісім форматын ұсынған. Онда тибеттер жасайтын үш провинция мен облыстары автономды, демократиялық саяси аймақтар ретінде құрылуы тиіс деп көрсетілген. Сондай-ақ, автономиялы аймақтар ҚХР-мен бейбіт қатынасын сақтайды және өзінің қорғанысы мен сыртқы саясатын ҚХР басқаруына береді делінген.
Ресми Бейжің Далай Ламаны саяси тұлға ретінде таниды және оның Тибет рухани көсемі екендігін мойындамайды. Сондай-ақ, оның елге кіруіне шектеу қойған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау