Қазақстанның Конституциялық кеңесі Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар заңға қайшы емес деген анықтама шығарды.
6 наурызда парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Құжат жобасы заң шығарушы органға 3 наурызда түскен еді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 наурызда жобаны Конституциялық кеңеске жолдады.
Қазақстан билігінің мәлімдеуінше, Конституцияның 19 бабына енгізілетін өзгертулер президенттің бірқатар құзыретін үкімет пен парламентке беруді көздейді. Атап айтқанда, президенттің мемлекеттік бағдарламаларды және қаржыландырудың бірыңғай жүйесін қабылдау, мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын барлық органдардың жұмысшыларының айлықтарын төлеу құзыретін үкіметке береді.
Үкімет жаңадан сайланған парламент мәжілісі алдында билігін тапсырады. Министрлікке үміткерлерді премьер-министр президентке ұсынады. Тек сыртқы істер, ішкі істер, қорғаныс министрлерін президенттің өзі тағайындайды. Қазақстанның бірінші президентінің мәртебесі Конституцияның тағы бір бабында бекітіледі.
Қазақстанның қазіргі Конституциясы 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданды, оған бірнеше мәрте өзгертулер енгізілді.
"The Qazaq Times"