Дариға Назарбаева әкесіне «құрметті сенатор» атағын берді.

Сенат төрайымы Дариға Назарбаева Қазақсанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «құрметті сенатор» төс белгісімен марапаттап, арнайы куәлік берді.

«Бүгін Сенат тарихында тағы бір маңызды күн. Өткен Сенат отырысында депутаттар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «құрметті сенатор» атағын беруге байланысты ұсынысын бір ауыздан қолдады. Аса қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге «құрметті сенатор» атағын беру, бұл сіздің мемлекеттің ірге тасын қалауға, бүкіл әлем мойындаған стратегиялық даму бағытын анықтауда еткен еңбегіңіздің жемісі» - деді Дариға Назарбаева марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Фото: tengrinews.kz

Естеріңізге салайық, наурыз айының 20-ы күні Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің инаугурациясында алдағы уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастыратынын айтып, Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасаған. Кейіннен бұл ұсынысты парламент депутаттары бір ауыздан мақұлдап, елорда атауы бір күннің ішінде өзгертілген.

"The Qazaq Times"