Сенаторлар Нұрсұлтан Назарбаевқа «құрметті сенатор» атағын бермек.
Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен парламент сенаты бюросының отырысында сенаторлар тұңғыш президентке «құрметті сенатор» атағын беру бастамасын бір ауыздан мақұлдады. Олардың сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі орасан зор, сол себепті де аталмыш атаққа лайықты.
«Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Елбасының басқаруымен жеткен жетістіктері оның дұрыс жолды таңдағанының айқын дәлелі. Елбасы Сенат жұмысына қашан да айырықша көңіл бөлді» - деді сенат вице-спикері Б. Бекназаров.
Нұрсұлтан Назарбаевқа «құрметті сенатор» атағын беру шешімі парламент сенатының палата отырысында қабылданады. Ол мамыр айының 30-ы күні өтеді.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілген. Ал одан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздің Кеңесінің өмір бойығы төрағасы болып сайланған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды