Қазақстан мен Иран алдағы уақытта өзара әріптестікке жаңа формат енгізбек.
Нақты қай саланың басымдыққа ие болатыны маусымда қазақстандық делегацияның Фарс провинциясына сапары кезінде анықталады. Жоспар бойынша, брінші кезекте туризм, медицина және ауылшаруашылық бағыты қарастырылмақ. Қазақстан Иранның Фарс провинциясымен әріптесті нығайтуды қолға алмақ. Ал Иран тарапы Қазақстаннан арпа, бидай, қой етін алуға ниетті. Осы ретте экономикалық шолушы Хамидреза Тахмасби: «Фарс провинциясының орталығы Шираз қаласы – туристік салада Пасаргад, Персеполис сияқты мыңжылдық тарихымен, қонақжайлылығымен танылған әлемнің ең ірі қалаларының бірі. Бұл қазақстандық туристер үшін сөзсіз қызықты болады. Шираздың қолайлы ауа райы мен көрікті қала аймағы – бұлар туризмнің тек бір түрі. Иранда мұнымен қатар медициналық туризм де танымал», – дейді.
Екінші бағыт – көлік қатынасы. Солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын шойын жолдың көмегімен Қазақстан өз өнімін Парсы шығанағындағы аймақтарға импорттамақ. Ирандық экономист Наджмоддин Ахманд: «Жалпы алғанда, Қазақстанға Фарс провинциясымен медицина сияқты, ғылыми-инженерлік салада да әріптестік орнату қызықты болады. Жоғары білікті мамандармен, студенттермен тәжірибе алмасу да ұтымды. Оның үстіне Фарс провинциясы – ерте дәуірде әдебиет астанасы саналып, Қазақстанға импорттауға болатын қолөнер бұйымдарымен аты шыққан өлке. Иран мен Қазақстан әрі пайдалы қазбалар сферасында да әріптестік орнатуы ықтимал», – деп мәлімдеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді