Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай дүйсенбі күні Горган облысының басшылары және сауда-экономика саласының жетекшілерімен кездесті. Кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық, транспорттық байланыстарды дамыту мақсатында өткізілген.
Кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы және Орталық Азия мен Каспий жағалауы елдерінің қарым-қатынасы басты тақырып етілді. Қазақстан елшісі Асхат Оразбай кездесуде Қазақстанның Иранмен қарым-қатынасты дамытуды қалайтынын, әрі бұл екі елдің мүддесі үшін де пайдалы екенін жеткізіп.
Горган облысы Иранның солтүстігіне, Каспий теңізімен шектесіп жатқан аймақтарының бірі. Қазақстан үкіметінің инвестиция тартуда басты бағыты өңірлер ара қарым-қатынасты көзде ұстау екені мәлім. Сол негізде Маңғыстау облысы мен Иранның Гүлістан облысы, Атырау мен Горнган облыстары арасында ынтымақтастық келісімдер жасалды.
Кездесуде Асхат Оразбай Иранның Қазақстан ғана емес, тұтас орталық азия елдері үшін теңізге шығуына ең тиімді бағыт екенін айтқан.