Жақында Францияның символына айналған мәдени орталық, 850 жылға жуық тарихы бар Нотр-Дам соборы өртке оранған болатын. Соңғы уақытта әлем көз тіккен тарихи орындардың өртенуі жиілей түскен.
Франция президенті Эммануэль Макрон бес жыл ішінде Париждегі Құдай ана соборын қалпына келтіруге уәде берді. Ғимаратты қалпына келтіру үшін 750 млн еуродан астам қаржылық көмек берілді. Сонымен қатар, Юнеско жыл сайын шамамен 13 миллион турист келетін соборды қайта қалпына келтіруге көмектесетінін хабарлады. Германия канцлері Ангела Меркел Нотр-Дамды тек Францияның ғана емес, "Франция мен Еуропа мәдениетінің символы" деп баға берді. Ал, Трамп өзінің Твиттер парақшасында "Орын алған өртті көрудің өзі қорқынышты. Өртті сөндіру үшін "ұшатын су танкерлерін" пайдаланса дұрыс болар еді" деп жазды. Сондай-ақ, Франция миллиардері, Kering компаниясының басшысы Франсуа-Анри Пино Нотр-Дам-ды қалпына келтіруге 100 миллион еуро аударуға уәде берді. Ал, Франция президенті Эммануэль Макрон соборды қалпына келтіру үшін халықаралық фандрайзинг ашу қажеттігін айтты.
Бразилиядағы «ұлттық мәдени трагедия»
3 қыркүйекте Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 200 жылдық тарихы бар Ұлттық музей өртке оранды. Бразилия мәдениетін жаһанға танытқан музейде өзге де мемлекеттерге тиесілі сан ғасырлық тарихы бар мыңдаған құнды жәдігерлер сақталынған.
Тозығы жеткен көне ғимарат біршама уақыт бойы апатты жағдайда тұрған. Тиісті жөндеу жұмыстарының дер кезінде жасалмауы салдарынан әлемдік деңгейде мойындалған мұражай толығымен жанып кеткен. Өртенген мұражай ішінде жиырма миллионға жуық экспонаттар, археологиялық мұралар, ең көне динозаворлар мен ежелгі адамдар қаңқасы, Оңтүстік Америка мен Мысыр мумиялары және өзге де жәдігерлер болған. ХІХ ғасырда бой көтерген мұражайдан айырылған күнді бразилиялық журналистер «ұлттық мәдени трагедия күні» деп атаған.
2018 жылы Латын Америкасындағы ең ірі ғылыми мұражай отқа оранды. Тілсіз жау елдің тарих пен мәдени құндылықтарына айтарлықтай залал әкелді: мұражайда жәдігерлер 200 жыл бойы сақталынған.
Тамызда Солтүстік Ирландияның астанасында Primark киімінің сауда маркасы орналасқан XVIII ғасырдың бұрынғы банк ғимараты өртенді. Өрт жұмыс уақытында бесінші қабаттан басталып, ғимаратқа тараған. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Сонымен қатар, бірнеше ай бұрын Глазго өнер мектебінде болған өрт елге 36 млн фунт шығын әкелді. Бұл оқиға оқу орны басшылығының қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін орын алған.
Мәскеудегі Манеж
Мәскеудегі Манежінің ғимараты 2004 жылдың 14 наурызында, яғни президенттік сайлау күні өртенді. Осы уақытта көрме алаңында ресейлік театр суретшілерінің жұмыстарының көрмесі өткен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бірнеше сағат бойы отты сөндіре алмады, ғимараттың шатыры мен екі қабырғасы құлап, екі өрт сөндіруші оқиға орнында қаза тапты.
2005 жылы аталған ғимарат қайта ашылды. Сәулетшілер лифтер мен эскалаторларды қосып, тарихи ғимараттың ампирлық стилін қалпына келтірді.
Лондондағы "Катти Сарк"
Әлемдегі ең танымал "Катти Сарк" клипері 1869 жылы салынып, Қытайдан шай тасымалдау үшін қолданылған. Кеме 1872 жылдан бері таныла басталды. 50-ші жылдардан бастап клипер Лондонның шығысындағы Гринвичте туристер үшін мұражай есебінде қойылған.
Әлемдегі ең жылдам жүретін "Катти Сарк" клипері 2007 жылы өртке оранды. Кеме-мұражай тек 2012 жылы ғана қалпына келтірді. Жөндеуге бес жыл және 50 млн фунт кетті.
Виндзор құлпы
Елизавета II патшайымының жазғы резиденциясы саналатын Виндзор құлпына 1992 жылы қарашада өрттен үлкен зиян келді. Өрттен Виктория патшайым ауыр жарақаттанып, Әулие Георгий залына және бас қабылдау залы күлге айналды. Құлыпты қалпына келтіру үшін бес жыл және 37 млн фунт жұмсалды.
Петруцелли театры
1991 жылы Италияның Бари қаласындағы Петруцелли театры толық жанып кетті. XIX ғасырдың тарихи ғимаратын қайта қалпына келтіру көп жылға кейінге қалдырылып, тек 2009 жылы ғана қайта ашылды.
Өртке дейін театрда 3200 адамға дейін орын болған. Бірақ жаңа қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қайта жаңартудан кейін театрдағы орын саны екі есе қысқарды: енді спектакльдерге сатылатын билет саны 1480-нен артық емес сатылады.