Қазақстанда жылыту маусымы басталғалы бері 1700-ден астам өрт болып, салдарынан 47 адам қаза тапқан.
Астаналық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Марғұлан Аманбаев:
– Үйіне кіргізбейтін адамдар болады. Иттерін жібереді, есіктерін ашпайды, балағаттайтын адамдар да бар. Олар «Үйлеріңізге біздің мамандарымызды қорықпай кіргізіңіздер, ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіп, насихаттап, түсіндіріп жүр» дейміз. Үй есігін ашпағандарға ұйғарымдама толтырылып, айыппұл салынбайды. Біз тек үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, – дейді.
Екі мыңға тарта өрт оқиғаларынан 57 азамат әр түрлі жарақат алған. Төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпаратқа қарағанда, қайғылы оқиға көбіне тұрғындардың салғырттығынан болатын көрінеді. Дәлірек айтқанда, пешті жағу барысында қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамайтындар баршылық дейді мамандар.
Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, былтыр республика бойынша 14 567 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 434 адам көз жұмған. Одан бөлек 412 адам жарақат алып, жалпы материалдық шығынның көлемі 3,5 миллиард теңгеден асқан.
Қазақстанда өрт оқиғалары өте жиі болып тұрады. Биыл 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында орналасқан шағын үйінен өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала жан тапсырған еді. Қоғамдық резонанс тудырған трагедия елдегі әлеуметтік, қауіпсіздік саласында жүйелі мәселелердің барын көрсеткен.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы