Аустрия билігі Сириядан пана іздеуші 27 жасар азаматты «терроризм негіздері бойынша кісі өлтірді» деп айыптап отыр. Зерттеу нұсқалары бойынша, айыпталушы қарусыз және Хумус соғысынан жарақат алған 20 адамды мерт қылған. Бұл туралы bbc.com хабарлайды.
Сот процесі наурыз айының аяғында болады деп күтілуде. Der Standard газетінің мәліметтеріне сүйенсек, айыпталып отырған азамат (есімі көрсетілмеген) – Хумустағы босқындар лагерінде өскен, азаматтығы жоқ палестиналық адам.
Аутриялық БАҚ айыпталушы «Еркін Сирия армиясымен» байланысы бар исламдық топтың қатарында соғысқанын және Үкімет сарбаздарын өлтіргенін аустриялық босқындар орталығындағы көршілеріне өзі айтып берген. Бұрынғы өмірін білгендіктен, билік өкілдері бұл азамат туралы зерттеуді өткен жылы-ақ бастап кеткен. Күдікті кінәсіз екендігін алға тартып отыр. Ал адвокаттардың айтуынша, оқиға орын алған кезеңде қорғанындағы азамат психологиялық ауыр халде жатқан.
Айыпталушы Аустрия азаматы болмаса да және аталмыш қылмысты жасамаса да, оны Сириядағы соғыс жағдайына байланысты экстрадациялау мүмкін емес.
Өзге елдің территориясында жасалған қылмыс үшін айыпталушыны сотқа беру, BBC агенттігінің мәлімдеуінше, Аустриада бірінші рет орын алған.
Женева конвенциясы қарусыз немесе жаралы солдаттарды өлтіруге тыйым салған. Аустриялық ресми өкілдердің есебіне сәйкес, күдіктінің әрекеті лаңкестік акт болып есепке алынады және оны терроризммен күрес жөніндегі халықаралық келісім бойынша шешім қабылдануы тиіс.
«The Qazaq Times»