АҚШ президенті Доналд Трамп Сүриядан келетін босқындарды қабылдайтын программаны түбегейлі тоқтатты. Бұл туралы ria.ru хабарлаған болатын.

«Сүриядан азаматтардың босқын ретінде келуі – Америка Құрама Штаттарының мүдделеріне мүлдем қайшы. Сондықтан да, мен ұлттық мүдделерімізге сәйкес келетін, елеулі өзгерістерді байқамайынша, жолдардың барлығын жабық болады», – делінген Трамптын жарияланған жарлығында.

Дегенмен әкімшіліктің хабарлауынша, бұл жарлықта Трамптың өзге мұсылман елдерінен келетін азаматтарға тыйым салғандығы жайлы еш нәрсе жазылмаған.

Сонымен қатар, Трамп осы аптада айтқан Сүриядағы «қауіпсіз зоналарды» атап өтті.

“The Qazaq Times”