1990-шы  жылдары Қазақстанда әлеуметтік экономикалық реформалар ауыртпалығы бастапқыда халыққа қатты батқан, бара келе нарықтық экономикалық реформа жүзеге асты.

Қажыгелдин -Назарбаев реформасының позитивті кәсер пәрмені өте мол болып, Қазақстанның экономикасы еселеп өсті. Сонымен бірге, 1990-шы жылдары Қазақстанда әлеуметтік қиыншылық салдарынан, мәселен  1994 жылы 470 мың адам Қазақстаннан көшіп кетті. Келесі жылдары Қазақстаннан эмиграция төмендей берді де, соңғы жылдары  30-40 мың адам Қазақстаннан жылма-жыл көшіп отырды. Сонымен 1990-шы жылдардан бастап Қазақстанның экономикалық қуаты (ВВП) Өзбекстаннан (Өзбекстан Президенті Кәримов реформа жасамады) 4-5 есе асып түсті. Бара келе 2002 жылдан бастап Қазақстаннан эмиграция саябырсыды, бірақ тоқтамады. Егемендік жылдарында Қазақстанға бір миллион оралман қазақ  ағайын көшіп келді. Қазақстан халқы сәл азайып қайтадан өсе бастады: себебі жылма-жыл қазақтың өсімі 230 мыңдай еді.

Миграция – негінен позитивтік үрдіс, әлеуметтік өсу көрсеткіші. Көшкен орыс, украин, немістің көп бөлігі қалада тұратын. Патша үкіметі қазақты қалаға кіргізбеуге тырысты, Кеңес үкіметі  прописка жүйесі арқылы қазақты қалаға кіргізгісі келмесе де қалаға аздап жіберуге мәжбір болды- қаражұмысшылар мен жергілікті қызметкерлер керек болды. Егемендік жылдарында Қазақстанда прописка жүйесі қалаға келуді шектегенді қойды. Қазақ қалаға лап беріп қала тұрғындарының 60% құрады. Енді қазақтың алтын бесігі қала болды. Қазақстанның қазағы 28%-тен 69% жетті. Алхамдулилляхи. Қазақстандағы қазақ саны 12.5 миллиондай.

Сонымен Ресейге орыстар кетіп жатыр: жылма-жыл миграциялық сальдо орта есеппен 30-40 мың .Сонымен бірге Ресейге оқуға кетіп бара жатқан қазақтар да бар. Ресейде оқу арзан және сапалы дейді олар. Бірақ Ресейде қалған қазақтар аз. Ресей қазақтары да атамекенге аздап келіп жатыр. Германияға кеткен неміс отбасыларының арасында үштен бірі орыстар екен. Сол сияқты Израильге, Грекияға кеткендердің келіндері мен күеубалалары арасында да орыс көп.

Айтайын дегеніміз, орыс пен немістің өз атамекеніне кеткені құптарлық. Себебі Ресейдің Қазақстанды отарлау жобасы іске аспады.Тек Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында қазақ 35%. Енді орысы жаппай көшкен солтүстік және орталық Қазақстанға ішкі және сыртқы мигранттарды жіберіп орналастырып жатыр. Бұл деколонизация саясатының көрінісі.

"The Qazaq Times"