Көп адам үйінің тар екенін айтып, өкпелеп жатады. Дегенмен әлемде ені 2 метрге де жетпейтін үйлерде тұрып жатқандар бар. Тек ондай тұратын жерін әдемілеп ретке келтіруі ісін кәсіби мамандарға: архитекторлар мен дизайнерлерге сеніп тапсыру керек. Әлем қызықтары таусылмақ емес.
Ені небәрі 2 метрлік болса да, онда өзіңді ыңғайлы сезіне аласың. Сондай бір үйлердің көрінісін назарларыңызға ұсынамыз:
KERET HOUSE
Бір қарағанда желдеткішке ұқсайтын,шын мәнісінде ені 1,2 метр болатын, екі үйдің арасында жолға салынған кәдімгі үй. Архитекторы – Яков Шесн. Біреусінде жатын бөлме мен кабинет, екіншісінде ас үй орналасқан бұл екі қабатты үй Варшаваның орталығында орналасқан.

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru
SCULP (IT)
Архитектуралық жұп деп аталатын Антверпендегі 4 қабатты бұл үйлердің ерекшелігі түрлі-түстілігінде. Бірінші қабатында кеңсе болса, қалғандарында басқа да бөлмелер және шатырында жуынатын ванна орналасқан.

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru
«The Qazaq Times»


















Тоқаевтың «Тіл еркіндігі» – Өз тілінен ыңғайсызданатын биліктің бейнесі ме?
8 Наурыз – Мкереке құтты болсын арулар!
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады