Мәскеудің «Украина Ресей Федерациясының шекара заңын бұзды» деген шешіміне Қазақстан, Қытай және Боливия елдері қолдау көрсетті. Бұл туралы BBC хабарлады.
Кеше өткен жиында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Мәскеу ұсынған «Украинаның Ресей шекарасын бұзуы бойынша» отырыстың күн тәртібін мүлде қабылдаған жоқ. АҚШ пен Ұлыбританияны қоса алғанда жеті ел Ресейге қарсы дауыс берген. Ал Қытай, Қазақстан және Боливия Ресейді жақтаса, төрт ел қалыс қалды. Кеңес отырысында сөз сөйлеген АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Польша және Швеция өкілдері Ресейді қатаң сынға алды.
Ұйым мүшелерінің кездесуінде НАТО және ЕО елдері Украинаның аумақтық тұтастығына қолдау білдіріп, Ресейден теңіздегі кемелердің еркін қозғалысын қайта қалпына келтіруді талап етті. Енді Брюссельде Керчь бұғазында болған оқиғаға байланысты Еуропалық Одақтың Саясат және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтеді.
Еске сала кетейік, 25 қарашада Одессадан Мариупольге қарай бағыт алған украиналық үш әскери кемеге Ресей сарбаздары оқ жаудырып, басып алған. Осы жағдайдан соң Украинада бір айға әскери жағдай енгізілді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді