Ресейдің шекаралық қызметкерлері Керчен бұғазы маңында Украинаның әскери кемелеріне оқ жаудырған. Бұл туралы аталған елдің Теңіз Әскери қызметі мәлімдеп отыр.
Атыс кезінде украиналық 6 сарбаз жараланып, кеменің қозғалтқышы істен шыққан. Сол секілді аталған ұрыста Ресей әскерилерінің күшпен басып алғандығы туралы да Украина теңіз әскери қызметі нақты айтуда.
25 қараша күні Украиналық үш әскери кеме Одессадан Мариупольге қарай бағыт алған. Алайда, Керчен бұғазынан басып өтуге рұқсат бермеген ресей әскерилері, бірден оқ жаудырған.
Басын даудан ала қашқан Ресей Федерациясы аталған кемелердің өтуі үшін арнайы рұқсат қағазының келмегендігін айтуда. Бірақ, бірнеше рет өтініш жібергенін ескерткен Украиналықтар, мұның құйтырқы әрекет болуы әбден мүмкін деген шешімге келіп отыр. Осының салдарынан Украина елі соғысқа дайын екендіктерін де ашық түрде мәлімдеді. Енді аталған қақтығыстың қалай орын алғандығы БҰҰ-ның отырысында кеңінен тексерілетін болады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы