Украинада Керчь бұғазындағы жанжалға байланысты бір айға әскери жағдай енгізілді.
26 қарашада өткен Жоғарғы Раданың кезектен тыс отырысында Петр Порашенконың бұл жарлығын 450 депутаттың 276-сы қолдап дауыс берді. Парламент мақұлдаған құжат бойынша, төтенше жағдай «Ресей басқыншылығына ұшырауы мүмкін» деген аймақтарға енгізіледі. Бұл шараға қатысты әскери-әуе күштерінің дайындығы күшейтіліп, Бас штабқа ішінара мобилизация бастау туралы пәрмен берілді. Енді 28 қарашадан бастап жарлық күшіне енеді. Украина президенті Пётр Порошенко: «Мақұлданған заң жобасы бойынша әскери жағдай Ресей Фередациясы шекарасымен шектесетін Приднестровье аймағы мен Қара теңіз және Азов теңізі жағасына қатысты. Себебі бұл әскери соққы бере алатын қолайлы аймақтар» – дейді.
Оқиға 2019 жылдың желтоқсанында өтетін президенттік сайлауға еш әсерін тигізбейтін болады. Себебі осыған дейін мемлекет басшысы Украинада әскери жағдайды бір жылға дейін ұзартуды көздеген болатын. Бірақ, парламенттегі қарама-қайшы пікірлерден кейін ол райынан қайтты. Шиеленіске қатысы бар қос тарап БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне шұғыл кездесу өткізіп, екі ел арасындағы мәселені талқылады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы