«Ғаламторды бұғаттаудың» артында не тұр?
Қазақстан үкіметі 28 қазан күні Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігіне «ғаламторды бұғаттауға» құқық беретін қаулы шығарды. Қаулыға сәйкес, жоғарыда аталған құзырлы органдар «табиғи, әлеуметтік, техногендік немесе төтенше жағдай» орын алған кезде Республика бойынша «интернетті бұғаттауға» құқылы.
Бүгін үкімет отырысында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та, ІІМ Қалмұханбет Қасымов та, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермеков та аталмыш қаулыға байланысты журналистер сауалына мардымды жауап берген жоқ. Барлығы «қаулымен толық танысайын», «кейін жауап берем», «заңды толық жариялаймыз сол кезде оқисыздар» деп қысқа ғана қайырды.
Аталмыш қаулы қабылданбас бұрын Қазақстанда жыл басынан бері «Facebook», «YouTube», «Instagram» және «Telegram» әлеуметтік желілерінің жұмысы желіге оппозциялық саясаткер Мұхтар Әблязов кіргенде баяулап, бұғатталуда. Сарапшылар пікірінше, биліктің бұндай қадамдарға баруына соңғы жылдары Қазақстандағы «Facebook» сияқты әлеуметтік желілердегі халықтың азаматтық белсенділігінің артуы себеп болған.
Айта кететін бір жайт, 2014 жылғы Украинадағы еуромайдан мен былтыр Иранда болған халықтық толқулар дәл осы «Facebook» әлеуметтік желісінен басталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?