АҚШ президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн қызметінен кетуіне өзі өтініш жазды. Бұл туралы MSNBC агенттігіне сілтеме жасап, BBC Russia хабарлайды.
Бейресми деректер бойынша, қызметінен кетуіне оның Ресеймен байланысы себепкер болғандығы айтылған. Майклдың өтініш жазғандығын Ақ үй (White House) БАҚ құралдарына мәлімдеген болатын. Экс-кеңесші Ресей елшісі Сейргей Кислякпен Уашингтондағы байланысы туралы толық емес ақпаратты жариялағанын мойындап, Доналд Трамптан кешірім сұрады. Өткен аптада Washington Post Флиннің Кислякпен (Ресейдің АҚШ-тағы елшісі) 2016 жылдың желоқсан айында антиресейлік санкциялар туралы сөз қозғағандығы жарияланған.
Кейіннен Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ арасында санкцияларды тоқтату жөнінде ешқандай келіссөздердің болмағанын жеткізді.
Енді АҚШ президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметіне Жозеф Кит Келлог келеді. Осыған дейін ол АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қызметін атқарған.
«The Qazaq Times»


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі