Су жаңа қаржы министрі кім?
Бүгін праламент мәжілісі депутаттары қаржы және бюджет комитеті отырысында қаржы министрі қызметіне Әлихан Смайловтың кандидатурасын қолдады. Смайловты аталмыш лауазымға премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ұсынған.
Ақ орда сайтының мәліметінше, Әлихан Смайлов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тәмәмдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
1993-1995 жылдары – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы.
1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.
1998 жылғы наурыз бен сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Статиститка агенттігінің төрағасы.
2003 жылдың ақпаны мен шілде аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.
2003-2006 жылдары – «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2007-2008 жылдары – «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы.
2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы.
2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
«Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қаржы министрі креслосына Бақыт Сұлтанов иелік еткен. Ол қыркүйек айының 11-і күні Астана қаласының әкімі болып тағайындалған.