2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 332 908 жеңіл автокөлік тіркелген. Ал, маусымдағы жағдай бойынша, тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3828,9 мың бірлікті құраған. 2018 жылдың мамыр айында тіркелген жеңіл автомобильдер саны 2017 жылдың дәл сол уақытымен салыстырғанда 81,9% артқан. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.
Көлік санының көбейуімен жол-көлік апатының да саны артқан. Өткен жылы 17019 жол-көлік оқиғасы орын алып, 24342 адам зардап шеккен . Осы жылдың 1 маусымында көлік құралдарын сақтандырумен айналысатын ұйымдар 10,1 млрд теңге көлемінде 28 032 төлем жасаған.
Автокөліктердің басым көпшілігі Алматы өңіріне тиесілі. Алматы облысы мен қаласын қоса есептегенде жеңіл автокөліктер саны миллионға таяған.
Жыл басталғалы Қазақстанда 214,3 млрд теңгеге 25 989 жаңа жеңіл автокөлік сатып алынған. Сатып алушылардың үштен бірі 5 млн теңгеден қымбат емес көліктерді таңдаған.
Соған орай қолжетімділігі жоғары модельдердің рейтингінде отандық автокөліктер өтімді болды.
Ең қолжетімді автомобильдердің ТОР-10 қатарына Ravon Nexia (2,75 млн теңге), Ravon R2 (2,78 млн теңге), Lada Kalina (2,93 млн), Lada 4×4 (3,1 млн), Ravon R4 (3,25 млн), Renault Logan (3,55 млн), Lada 4×4 Pickup (3,65 млн), Ravon Gentra (3,73 млн) және Chevrolet Niva (3,99 млн) енді. Ең қымбат модельдер рейтингінде Porsche 911 Turbo (66,9 млн теңге), Porsche Panamera (54,6 млн теңге) мен Lexus LC (45,6 млн теңге) көш бастады


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?