Ұлыбритания Парламентінің қауым палатасындағы мәдениет, баспасөз және спорт комитетінің жасаған ресми мәлімдемесіне қарағанда, қазіргі кезде тұтас әлемде әлеуметтік желілерде тараған жалған мәліметтер аса жылдам таралып, шынайы ақпараттарды ығыстырып шығаруда. Аталған комитет әлеуметтік желі тұтынушыларының ақпараттың шын жалғанын ажырата алмайтын деңгейге түскенінен алаңдайды. Бұл туралы BBC хабар таратты.
Комитет төрағасы Дэмиан Коллинздің айтуынша, бұл демократияға үлкен қауіп төндіретін істердің бірі. Сондықтанда ол әлеуметтік желінің иелеріне жалған ақпаратпен күресуге шақырған. Осыдан бұрын Британ үкіметі кезкелген ақпаратты әлеуметтік желіге алғаш салушы адамға тіркеп, желілерге бөлісілген күнде де әуелгі авторға сілтемені автоматты табатын бағдарлама жасауды ұсынған. Сол арқылы автор өзі жариялаған ақпаратқа жауапты болады.
Кейбір топтар миллиондаған аккаунттарды жалған ақпарат таратуға пайдаланып, оны ауқымды саяси мақсаттар үшінде істеткені туралы мәліметтерді жария етуде. Айталық, 2016 жылғы АҚШ-тың президент сайлауында және "брексит" кезінде жалған ақпарат таратқан лондондық компания айыпталуда. Қазіргі таңда Британ үкіметі әлеуметтік желінің иелерін осы мәселе турасында келіссөз өткізуге шақыруда.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды