Түркияда екі күннен кейін, яғни, 24 маусым күні президенттік және парламенттік сайлау өтпек. Шетелдік ақпарат көздерінің мәліметінше, шетелде тұратын түркиялық сайлаушылар бұл реткі сайлау нәтижесіне үлкен әсер етпек. Айталық, президент Режеп Тайып Ердоғанның билікте қалуы немесе кетуінде шетелдегі дауыс берушілер үлкен рөл атқармақ.
Түркияның президент және парламент сайлауына 59,4 млн адамның дауыс беру құқығы бар. Ал олардың 3 миллионнан астамы шетелде тұрады. Германиядағыя Түркия азаматтарының 1,4 млн адам дауыс беруге құқылы. Францияда 340 мың, Нидерландияда 250 мың, Австрияда 105 мың, Ұлы Британияда 100 мың дауыс беруге құқылы түрік азаматы тұрады.
Бұл реткі сайлауда Ердоған қайталай жеңіске жетер болса, оның билік құзіреті кеңейе түспек. Себебі, былтыр Коституцияға өзгеріс енгізу референдумы өтіп, президенті үкімет пен бірге мемлекет басшысы болып қалды. Анығын айтқанде, режим парламенттік басқарудан, президенттік басқаруға өзгертілді. Жаңа қабылданған Ата заң (Конституция) бойынша, әскери шенділердің құқығы бұрынғыдан көрі шектеулерге ұшырады және Режеп Тайып Ердоғанның билігін 2029 жылға дейін жалғастыра алуына жол ашты. Екі күннен кейінгі сайлауда жеңіп шықса, Ердоған бес жылдан екі кезек ел басқаруына болады.
Шетелдегі Түркия азматтары өткен аптадан бастап дауыс берді. Германияда 1,4 млн түркиялық тұрады. Бір аптадан бері Германиядағы Түркия елшілігінің алдында адам аяғы үзілген жоқ. Бұл осы елдегі түкриялық азаматтардың белсенді дауыс беріп жатқанын көрсетеді. Германиядағы дауыс берушінің бірі BBC тілшілеріне: «Ердоған 16 жылдан бері билік жүргізіп келеді. Біз одан шаршадық. Бізге демократия мен сөз бостандығы керек», – деген пікірін айтқан. Бірақ, дауыс берушілер арасында: «Режеп Тайып Эрдоғанға дауыс бердім. Ол елде ұзақ жыл билік жүргізді және ел үшін күйінеді», – деген пікірлер де кездеседі. Қазір шетелдегі дауыс беру орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Әр бір дауыс беруші дауыс берудің алдында қатаң тексеруден өтеді.
Еуропа елдері мен Түркия арасы соңғы кезде салқындай түсті. Түркияда жүзеге аспай қалған әскери төңкерістен кейін кейін, ауқымды жазалау шаралары жүргізіліп, төңкеріске қатысы бар деген көптеген адам қудалауға ұшырады. Батыс елдері бұған адамдық құқық пен демократияға қайшы әрекет ретінде үн қатты. Ал, елдегі Конституцияға өзгеріс енгізу референдумын, Ердоғанның автократияға құлшыныс жасауы деп бағалады. Бірақ, бұндай сындар мен қысымға Анкара билігі де теңдей жауап қайтарып, айыптау, сындау әрекеттерінде аянып қалмады. Қалай десек те, екі күннен кейін Түркия үкіметі мен халқы үшін маңызды өзгерістердің шешімі шыққалы тұр.