Анкара республикалық прокуратурасы ФЕТО лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен сыртқы істер министрлігінің 249 қызметкерін тұтқындау туралы шешім қабылдады.
Анкара Бас прокуратурасының ресми парақшасында жарияланған мәліметтер бойынша, күдіктілер 2010, 2011, 2012 және 2013 жылдары министрлік сынақтарын ФЕТО-мен ынтымақтастық арқасында сәтті тапсырған. Қазірдің өзінде елдің 42 провинциясында рейд жүргізіліп, нәтижесінде 78 кісі ұсталды. Қазіргі уақытта 171 күдіктіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетер болсақ, Түркия билігі 2016 жылдың 15 шілдесінде төңкеріс әрекетін дін уағызшысы Фетхуллах Гүлен мен жақтастары ұйымдастырғанын айтады. Бүгінгі уақытқа дейін 125 мыңнан астам адам ФЕТО лаңкестік ұйымына қатысы бар деп айыпталып, мемлекеттік қызметтен шығарылды. 2 мың 700-ден астам мекеме мен ұйымдар жұмысын тоқтатса, 30 мыңнан астамы бас бостандығынан айырылды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Ислам насихатшысы Фетуллаһ Гүленді айыптады. Ал, көптеген жылдан бері АҚШ-та тұратын Гүлен өзіне тағылған бұл айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеген болатын.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті