Солтүстік Қазақстан облысы басшылығы Германияның «CLAAS» концернімен келіссөздер жүргізуде. Бұл жайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыстық әкімдіктің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Біз бұрынғы «Қазтехмаш» зауытының аумағында ауыл шаруашылығы техникасын жинайтын жаңа кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмыз. Сәуір айында немістің «CLAAS» компаниясымен келіссөздерді тәмамдаймыз. Біздің делегация Германияға барды, олардың өкілдері бізге келді. Ауыл шаруашылығы министріне кіріп шықты, барлық инстанциялар өтті. Сәуірдің басында тағы кездесіп, нақты шешім шығарамыз. Бұл компания комбайн, трактор және егін себу кешендерін жинайтын әлемдік көшбасшы. Өте қызықты жоба болады», - деді Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ өңірде трансформаторлар шығаратын зауытты салу жөнінде де мәселе қаралып жатыр. Қазір жобаның құрылтайшыларымен келіссөздер жүргізілуде. Бұған қоса, «Зиксто» зауытының аумағында жаңа вагон жинау зауытын құру жоспарда бар. Өндіріс ошағының қуаттылығы жылына 5 мың вагонды құрамақ.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды