Түркіменстанның Азатлык басылымы елдің бірнеше аймағында мемлекеттік мекемелерде кезекті қысқарту басталғалы жатқанын хабарлады.
Орталық Азия жаңалықтар қызметінің мәліметіне қарағанда, Түркіменстандағы білім және мәдениет саласындағы қызметкерлердің Азатлык редакциясына жазған бірлескен хатында Ашхабадтағы кітапханаларда, мұражайларда және мәдениет орталықтарында жұмыс орны қысқартылатыны айтылған.
Азатлык редакциясы әзірге хаттағы ақпараттың растығына дәлел келтіре алмайды. Бірақ хатта мыңнан астам бюджеттік қызметкерді қысқарту көзделгенін, оның ішінде орта мектептің жүздеген мұғалімі де кіретіні айтылған.
Былтыр күзде Түркіменстанның медицина, білім және мәдениет саласындағы зейнет жасына жеткен қызметкерлерді қысқарту туралы биліктің арнайы бұйрығы шыққаны хабарланған.
Былтыр қараша айында су шаруашылығы және мұнай саласындағы қызметкерлер штаты қысқартылған. Жергілікті бақылаушылар сол кезде мұны елдегі дағдарыспен байланыстырған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды