2017 жылы Қазақстаннан 37,7 мың адам кеткен. Бұл 2015 жылы кеткен 30,1 мың адаммен салыстырғанда 25,3 пайызға жоғары болып отыр. Кеткендердің 33,7 мыңы ТМД елдерін таңдаса, қалған 4 мыңы басқа елдерге кетуді жөн көрген. Мұндай ақпаратты finprom.kz сараптама агенттігі келтіріп отыр. 

Мұндағы таң қалатын нәрсе, кеткендердің тең жартысы білікті мамандар. Яғни 54 пайызы немесе 20,4 адам кеткен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Ол кезде елден 17,4 мың кәсіби маман кеткен.

Ал Қазақстанға келгендер санына келсек, 16,1 мың адамды құрады. ТМД-дан келгендер саны - 11,6 мың, ал басқа қаладан келгендері - 4,5 мың. Осылайша Қазақстанға келгендер саны 2015 жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға аз болып отыр.

Ал Қазақстанға келген білікті мамандар саны бар болғаны - 5,8 мың адам және мұның өзі 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 15 пайызға төмен болып отыр. Олардың үлесі Қазақстанға келгендердің жалпы санының 36 пайызын құрайды.

Бұдан бөлек шетелге кеткендердің 6,6 мыңы техника мамандығын, 3,6 мыңы экономика, 2,3 мыңы педагогика мамандығын оқығандар болып отыр. Ал келгендер арасында 1,3 мың адам техника маманы болса, 841-і экономист, 718-і педагог.

Жалпы Қазақстанда білікті мамандардың шетелге кетуі үйреншікті нәрсеге айналған.  Елде сол мамандардың талабына сай жағдайдың жасалмауы олардың елден кетуіне бірден бір себеп болуы мүмкін.

“The Qazaq Times”