2017 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 36,3%-ға көбейіп, 7 204 адамды құрады.
Ал елден кеткен көшіп-қонушылардың саны 4,0% көбейіп, 10 975 адамды құраған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандағы негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып отыр. Министрліктің мәліметінше, ТМД елдерінен келгендердің үлесі 68,9% болса, ТМД елдеріне кеткендердің үлесі 87,7% құрады.
Мысалы 2016 жылдың қаңтар-мамыр айында ТМД-дан келгендер саны 3932 адам болса, биыл 4962 адам келген. Ал кеткендер саны екі есеге көп. Өткен жылдың 5 айында 9323 адам кетсе, биыл 9620 адам елден кеткен.
Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне келер болсақ, олардың саны 34%-ды кұрады. Мысалы Астана қаласына 20 647 адам, Алматыға 9 698, Ақмола облысына 1 459, Алматы облысына 181 адам көшіп барған.