Қытай билігі қару-жарақ экспорттау туралы үлкен амбициядағы жобаларын іске қосып отыр. Әсіресе, Қытай жасаған ұшқышсыз ұшу құрылғылары (дрондар) әлемге кең жайылуда. АҚШ өзі өндірген дрондарды кез-келген елге сата бергісі жоқ. Келісімшарт арқылы НАТО-ға және жекелей Британияға ғана сатып беруі мүмкін. Ал Қытайда мұндай принцип жоқ. Қару-жарақ жәрмеңкелерінің бәрінде жоғары технологиямен жабдықталған дрондарын алып келуде. Әлемдік державалардың қару-жарақ базарындағы бәсекесі әлемге қорқыныш алып келуде. Осыдан кейін "соғыс және бейбітшіліктің шекарасы қай жерден шектеседі?" деген сұрақ туады.
Халықаралық стратегиялық зерттеу орталығы (International Institute for Strategic Studies, ары қарай IISS) көрсеткен мәліметке қарағанда Қытай өзінің әскери істерге пайдаланатын дрондарын Мысыр, Мьянма, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірлігі және Нигерия қатарлы елдерге сатқан.
Әлемде әскери қару-жарақ саласына назар аударатын болсақ, Қытайдың он жылдың алдындағы салмағы мен қазіргі деңгейін жер мен көктей парықты. Сонымен бірге, Қытай қару сатып алатын алармандарына ең жоғары сападағы қару-жарақты ұсынуда.
Құрлық армиясына бағытталған қару-жарақ экспортында да Қытай қазір Украина мен Ресейдің басты қарсыласына айналып келеді. Айталық, 2014 жылы Тайландпен танк саудасы кезінде Ресейдің алдын орап кетті. 2017 жылға келгенде Тайланд пен Қытай арасында қару-жарақ сату және сатып алу келісімін жасасты.
Қытайдың жаңа соғыс қаруларын экспорттауы оның көршілерін ғана емес, әлемнің көптеген елдерін алаңдатып отыр. Қытайдың жаңа соғыс қаруларын көптеп сатуы әлемдік тұрақтылыққа қатер төндіруі мүмкін деп қарайды. Себебі, қазіргі жағдайдан алып қарағанда Батыс елдері арасында соғыс болуы екі талай, бірақ Қытайдың қару-жарақтарын сатып алып жатқан елдердің бәрі Орта Шығыс және Шығыс елдері.