НАТО ұйымы өзіне мүше елдердің шекараларына ұшқышсыз ұшу құрылғыларымен ауқымды барлау жүргізбек. Бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Столтенберг ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің отырысында хабарлады.
Йенс Столтенбергтің айтуынша, НАТО пайдаланғалы отырған ұшқышсыз ұшу құрылғылары әлемдегі ең озық ұшқышсыз барлау құрылғылары саналады. Олар арнайы барлау жүргізу бағдарламалары арқылы Жерорта теңізі мен Солтүстік Еуропа жағалауларына дейін, Орта Шығыстан тартып Атлант мұхитына дейін барлау жүргізеді.
Мәліметтерге қарағанда, арнайы барлау бағдарламалардың көмегімен аталған ұшқышсыз ұшу құрылғылары НАТО одақтастарына кең көлемді барлау мәліметтерін беріп отырады. Ең озық бағдарлама, дәлдігі жоғары радар және барлау камералары арқылы бункерлер мен қолдан жасалған жарылғыш заттарды да анықтауға қабілетті.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі