10 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов өзінің фейсбук парақшасында жазды.
"Қазақстан және БАӘ 2017 жылғы мамырда қол қойылған екі ел азаматтарын, ұлттық паспорт иелерін 30 күнге дейін визадан босатуды көздейтін келісім бойынша ішкімемлекеттік процедураларын аяқтады", - деп жазды ол.
Келісім 2018 жылғы 10 наурызда күшіне енеді.
"Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында қазақстандық тарап жалпыазаматтық паспорттарын иеленуші екі мемлекет азаматтарының 30 күнге дейін визадан босатылуын көздейтін құжаттың күшіне енуі үшін мемлекеттік рәсімдерді аяқтаған болатын.
Өз кезегінде Әмірліктер тарапы да Қазақстан азаматтарының БАӘ-ге визасыз баруына мүмкіндік беретін қол қойылған екі жақты хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетік рәсімдер аяқталуға жақын екенін хабарлаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті