Дағыстан үкіметі отставкаға кетті – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Ақпан айының 5-сі күні Дағыстан президенті Владимир Васильев ел үкіметін толықтай отставкаға жіберген. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, дәл осы күні Ресей Федерациясының тергеу комитеті премьер-министр Абдусамад Гамидов пен оның екі орынбасарын және білім министрін тұтқынға алған. Тексеру барысында Гамидовтың үйінен алтын жалатылған «ТТ» және «Беретта» тапаншалары мен Калашников автоматы табылған. Қазіргі таңда премьер-министр мен оның орынбасарларына «аса ірі көлемде қаржы жымқырды және алаяқтықпен айналысты» деген айып тағылған.
Дағыстанда жаппай жемқорлыққа қарсы күрес билік басына Владимир Васильев келгеннен кейін басталған. Ол 2017 жылдың желтоқсан айында Владимир Путиннен Дағыстанға тексеру жұмыстарын жүргізуге тәуелсіз 38 прокурор мен 40 сарапшы жіберуін өткінген.