Amnesty International құқық қорғау ұйымының Түркиядағы бөлімінің басшысы Танер Кылыш абақтыдан босатылды. Ол 2017 жылдың маусым айында "Түркияда болған мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс оқиғасына қатысы бар" деген күдікпен қамауға алынған болатын. Amnesty International ұйымының аға кеңесшісі Эндрю Гарднер бұл оқиғаны адам құқықтары үшін күрестің атаулы жеңісі деп атады. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды. 

Танер Кылыштың бостандығы үшін сегіз ай бойы күрескен жақындары мен Amnesty International құқық қорғау ұйымы ары қарай да мемлекеттік төңкеріс оқиғасынан кейін қудаланып, түрмеге жабылған өзге азаматтарды азат ету үшін күрес жүргізуді жалғастыра беретіндерін хабарлады. Билік өкілдері қоғам белсендісі Фетхуллах Гюлен мен оның жақтастары қолданатын ByLock шифрланған байланыс құралын пайдаланғанын айтады. Дегенмен Танер Кылыш бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

Эндрю Гарднер биліктің мұндай "негізсіз айыптарды" Танердің құқық қорғау ұйымының белсендісі болғаны үшін ғана ұсынып отырғанын айтады. Танер Кылышқа шет мемлекетке шығуға тыйым салынды және оның ісі осы жылдың маусым айында қайта қаралады.

 “The Qazaq Times”