АҚШ сенатының банк жөніндегі комитеті Жером Пауэлді (Джером Пауэлл) Федералды резерв жүйесінің төрағасы ретінде тағайындау туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Қазіргі кезде Жером Пауэлл ФРЖ-ның басқарушы кеңесінің құрамына кіреді. Оның кандидатурасын АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған.
Ақпарат бойынша оның ФРЖ-ны басқару жұмысы ақпан айында, яғни қазіргі төраға Джанет Йелленнің өкілеттігі аяқталғаннан кейін басталады. Дереккөздердің болжауынша, Пауэлл де базалық мөлшерлемені көтеру және ФРЖ балансын қысқарту саясатын одан ары жалғастырады.
64 жасқа келген Жером Пауэлл - республикалық партия мүшесі. Заңгер білімін алған, қызметін Нью-йорктегі заң фирмаларының бірінде бастаған. Кейін Dillon, Read & Co. банктерінде, қаржы министрлігінде, Carlyle Group инвестициялық банкінде жұмыс істейді. 2012 жылы ФРЖ директорлар кеңесінің құрамына кірді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап