Дональд Трамп Америкадағы қаржылық реттеуші орындарды қатаң сынға алып, пайыздық мөлшерлемелердің шамадын тыс артуына қарсылық білдірген болатын. Бірақ, президенттің сынына қарамастан, АҚШ-тың Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемелерді көтеру саясатын жалғастырады. Бұл туралы қор басшысы Джером Пауэлл мәлімдеді.
АҚШ президенті пайыздардың төмендейтініне немесе өз қалпын өзгеріссіз сақтап қалатынына сенімді болған. Дегенмен, Федералды қор жүйесі саяси қысымға қарамастан, мөлшерлеменің артуына байланысты істің жүзеге асатынын айтқан.
Трампқа қарсы шыққан Пауэллдің ойынша, кезекті жоба инфляцияны 2% деңгейде сақтайды. Сондай-ақ, АҚШ экономикасының қалпына келуі мен жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізеді. Егер Құрама штаттағы компаниялар өндірісі қарқынды дамыса, экономиканың өнімділігі де арта түспек.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті