Биткоин - қаржыны жылыстату үшін қолданылатын өте қауіпті электронды қаржы активі. Сондықтан АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі крипитовалютаның бұл түрін реттеумен айналыспайды, деп мәлімдеді ФРЖ басшысы Джанет Йеллен.
"Қазіргі кезде халықаралық есеп жүйесіне биткоиннің рөлі төмен. Тұрақсыз табыс көзі, заңнама бойынша реттеліп отырған жоқ және спекулятивті актив. ФРЖ биткоин нарығын реттеуге қатысқысы келмейді", - деп мәлімдеген Йеллен сәрсенбі күні өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, ФРЖ басшысы банктерге қаржының жылыстауына ықпал ететін биткоин сияқты кез келген қаржы құралдарына қарсы туру керектігі туралы ескерту жасады.
Бұдан бөлек, ФРЖ желтоқсан айындағы отырысының қорытындысы бойынша базалық мөлшерлемені 1-1,25 пайыздан 1,25-1,5 пайызға дейін көтерді. ФРЖ базалық мөлшеремені 2017 жылы осымен үшінші рет көтерді.