АҚШ Президенті Дональд Трамп Федералды резерв жүйесінің басшысы (ФРЖ) қызметіне Джером Пауэлдің ресми түрде тағайындалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақүйде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды vestifinance.ru.
Джером Пауэлл аталған қызметке ФРЖ-ның қазіргі басшысы Джанет Йелленнің өкілеттігі аяқталғаннан кейін ресми түрде 2018 жылдың ақпан айында кірісетін болады.
Осылайша ол бұрынғы инвестициялық банкир ретінде ФРЖ-ға төрағалық етететін бірінші адам, тіпті соңғы 40 жыл бойынша Американың орталық банкін басқаратын экономика білімі жоқ алғашқы адам болмақ.
Пауэлл бұған дейін ФРЖ губернаторы болған. Ол бұл қызметке 2012 жылғы 25 мамырда тағайындалған. 2014 жылдың 16 маусымында қайта тағайындалып, 2028 жылдың 31 қаңтарында өкілеттігі аяқталуы тиіс еді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр