Құрама Штат президенті Дональд Трамп өзінің екі шешімін өзгертті. Ол АҚШ президенттігіне келгеннен бері Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын/ Kim Jong Un) арасындағы теке-тірес екі елдің арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіріп келген еді. Сонымен бірге ол бірқатар халықаралық маңызды келісімдерден бас тартуға шешім шығарған болатын. Соның бірінде ғаламдық климаттың жылынуына қарсы тұру үшін жасалған «Париж климат келісімінен» бас тартатынын білдірген.
Дегенмен, соңғы күндері Трамп өзінің бұл екі қадамын кері қайтарды. Ол Солтүстік Кореяны қарулы күшпен жөнге салу ниетінен қайтып, егер уақыт пен шарт-жағдайдың үйлесімі болып жатса Солтүстік Корея жақпен келіссөзге қарсы емес екенін Ақ үй баспасөз қызметінің жазбаша мәлімдемесі айғақтады. Ол және Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайнмен телефонда сөйлесіп, АҚШ пен Солтүстік Корея арасында келіссөзді және өзге де маңызды мәселелерді талқылаған. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Бұған қоса АҚШ президенті әлем халқының қарсылығына қалған «Париж келісімінен» шығу туралы шешімін өзгертетінін де білдірді. Ол өзінің сөзінде: «Париж келісімі туралы әліде ойланамыз. Бұл әлем тағдырына және климаттың өзгерісіне байланысты өте сезімтал мәселе», – деген.
Президент тағына отырған кезде Трамп «Париж климат келісімі» АҚШ-тың өндіріс қарқынын тежеп, келісімде өзіне азырақ міндет жүктеген Қытай мен Ресейдің өндірісіне көбірек тиімділіктер жасап бергенін алға тартқан еді. Бұл жолы Трамп: «Егер шарттарды қайта қарап, тең әрі тиімді келісімдер жасалып жатса, Құрама Штат келісімге қайта оралады» , – деді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?