АҚШ-тың жергілікті уақытымен сәрсенбі күні кеште (Астана уақытымен бейсенбі түстен бұрын)АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында бейсенбі күні түстен кейін «Париж келісімі» туралы шешімін жариялайтынын айтты. Бұл туралы танымал "The Wall Street Journal" басылымы хабарлап отыр.
Ақүйдің Раушан гүл бақшасында ол АҚШ үкіметінің климат өзгерісіне қатысты «Париж келісімін» сақтайтын немесе сақтамайтыны туралы шешімді жария етпек. АҚШ-тағы БАҚ-тың хабарлауынша, Трамп аталмыш келісімнен бас тартуға бейім тұр. Бұл тұралы Трамп сайлаудан бұрынғы уәделерінде де айтқан еді. Алайда бұнысы Ақүйдің бірқатар ұстанымдарына қайшы келгелі тұр.
2015 жылғы 190 мемлекет қол қойған климаттың өзгерісіне байланысты «Париж келісімі» бойынша, алдағы он жыл ішінде парниктік газдардың шығарындыларын азайтуға тиіс болған. Қазіргі кезде тек Сүрия мен Никарагуа елі ғана келісім берген жоқ.
Ал, келісімге қол қойған уақытта сол кездегі АҚШ үкіметі 2025 жылы парниктік газдардың шығарындыларын 2005 жылмен салыстырғанда 26% -28%-ға азайтуға уәде берген болатын. Алайда, Трамп билікке келгеннен кейін, өзінің аталмыш «Америка бірінші» ұранымен экономикаға серпін беру үшін, өндірісті дамыта түскісі келеді. Сондықтан Обаманың Америка Құрама Штаты атынан берген уәдесінен тайып кеткелі отыр.