Қырағы Ұлттық ұлан жауынгерлері алғысқа бөленді

 Шымкент қаласы азаматтарының құқығын қорғау, оларды жол-көлік оқиғаларынан құтқару және түрлі жайсыздықтар мен келеңсіздіктердің алдын алуда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің алатын орны ерекше.

Бүгін әскери бөлім командиріне жолдаған хатында қала тұрғыны Абзалдаева Сұлушаш Тасболатқызы үстіміздегі жылдың 23 қаңтары күні шамамен сағат 18:00 шамасында, Б.Момышұлы көшесінің бойында өзінің Даниал есімді 4 жасар немересінен көз жазып қалғанын, іздеп таппаған соң, 102 нөміріне телефон арқылы полиция қызметкерлеріне және сол маңда қызметте жүрген 6506 әскери бөлімінің әскери жасағын көріп оларға да болған мән-жайды айтып түсіндіргенін, көп ұзамай қызметтік ит арқылы әскери қызметшілердің немересін тауып, өзіне табыстағанын айтып, шексіз алғысын білдірген.

Болған жайтты естіген патруль тобының бастығы сержант Жақсыбаев Сапаржан Жақыпбекұлы және патрульдер қатардағы Сейсенов Ғалымжан мен Құсайынов Данияр сәбидің жасын, киген киімдері мен ерекше белгілерін сұрап жатқанда кинология қызметінің маманы сержант Қабылбеков Темірбек ойланбастан апасының қолында қалған сәбидің шарфын қызметтік ит «Ральфке» иіскетіп, оны шұғыл түрде ізге салады. Сол маңдағы аулалардың біріндегі темір гараждардың артында жылап тұрған баланы жұбатып, әкеліп Сұлушаш апаға көрсеткенде, қуаныштан апасы көзіне алған жасын жасыра алмады. «Осындай халқына жұмылып, еліне  езіліп, қызмет ететін  Ұлттық ұлан жауынгерлерін әрқашанда биік көретін болдым. Әскери қызметшілердің тәртіптілігіне, азаматтарға деген сыпайылықтарына, өтінішімді жерге тастамай жауапкершілікпен қарағанына, немеремді аман-есен тауып бергеніне риза болдым. Осындай еліміздің қорғаны болар жауынгерлерді тәрбиелеп отырған 6506 әскери бөлім командиріне  алғысым шексіз!»-деді.

«Еліміздің тыныштығы үшін атқарып жүрген қызметімді мақтан тұтамын. Әскери қызмет – мен үшін мақтанып айтуға лайықты абройлы қызмет!» - дейді кинология қызметінің маманы сержант Қабылбеков Темірбек Сәбитханұлы. Сондай-ақ, өзінің сенімді серігі «Ральфке» де алғысын жасырмады.

Халыққа көмек қолын соза білетін Ұлттық ұланның осындай әскери қызметшілері аман болсын, әрқашан елімізде тыныштық, татулық орнасын, көк Туымыз көгімізде желбірейберсін!

6506 әскери бөлімінің клуб бастығы капитан Жұрынбаев Бекасыл Амансейітұлы

“The Qazaq Times”

Ұқсас жазбалар

Қоғам бөлімі

Пікір қалдыру (2)

Сарбазға деген құрмет 7 жыл бұрын
0
[…] күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерінің қатарында қызмет еткісі келетін жастар легі көп. […]
دابىل 7 жыл бұрын
0
ۇلان مەن جاۋىنگەردىڭ ماعىناسى بىرەۋ، تاقىرىپ قاتە قويىلىپ وتىر