Тәжікстанның арнайы қызметі 2017 жылы 1,7 тонна есіртккі тәркілеген. Бұл туралы сол елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) өкілі Мұхаммад Улугходжаев мәлімдеген.
Тараған ақпаратқа қарағанда 27,3 кг героин, 455,6 кг апиын, 865,7 кг гашиш, 386,8 кг қарасора және 4,9 кг метамфетамин тәркіленген. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда (907 кг ) 1,5 есеге артық болып отыр.
"2017 жылы шекара әскерлері бөлімшелері басқа да күзет мекемелерімен бірлесіп 74 арнайы операция жүргізді. Оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп 46 және басқа да құқық қорғау және қауіпсіздік күштерімен бірігіп 18 операция өткізілді", - дейді Улугходжаев.
Оның сөзінше, 2017 жылы 31 қарулы қақтығыс кезінде контрандамен айналысқан және шекара тәртібін бұзған 18 адамның көзі жойылған. ҰҚМК әскери қызметкерлері мен басқа да қауіпсіздік күштерінің көмегімен 20 құқық бұзушы ұсталған. Sputnik-Тәжікстан ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2016 жылғы қарулы қақтығыс көрсеткші де, көзі жойылғандар мен ұсталған адамдар саны да аз болған.