АҚШ президенті Дональд Трамп, дүйсенбі күні Нью-Йорктегі террорлық шабуылдан кейін, АҚШ-тың иммиграция жүйесіне мұқият реформа жасау қажеттігін, отбасылық қатынастарды негізге ала отырып иммиграция саясатын жүзеге асыру керектігін алға тартты. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Трамптың мәлімдеуінше, дүйсенбі күні болған террорлық шабуылды ұйымдастырушылар АҚШ-қа иммиграциялық жолмен кіріп, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы әрекет еткен. Күдікті Ақайад Уоллах 2011 жылы Бангладештен Америка Құрама Штаттарына қоныс аударған. Ол АҚШ азаматының жақын туысқаны ретінде виза алған, әрі заңды тұрақты резидент болып саналады.
Соңғы апталарда «тізбекті көшіп келу» мәселесі Республикашылдар партиясы үшін ең басты талқы тақырыбына айналды. Көптеген республикалық партияның заң шығарушы өкілдері осы мақсатқа қол жеткізуді «Dreamer» деп аталатын заңдастырумен жүзеге асыруға болады деп қарайды. «Dreamer» деген атау АҚШ-қа бала күнінде келген және содан бері заңсыз тұрып келе жатқан адамдарға қаратылған.
Трамптың айтуынша оның үшінші реткі саяхатқа тиім саул ережелері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көп жеңілдіктер алып келеді. Естеріңізде болса бұл тиым салу ережесіне алты мұсылман елі мен Солтүстік Корея және Венесуэланың кейбір ресми тұлғалары кірген еді. Трамп Конгрестің отбасылық қарым-қатынас арқылы АҚШ-қа келушілерді шектейтін заң жобасын мақұлдауын талап етуде. Бұл саяхатқа тиым салу ережесінде Бангладеш қамтылмаған.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік департаментінің хатшысы Кирстен Нильсен мәлімдемесінде, Трамп үкіметі Құрама Штаттағы кез-келген террористік күштерге қарсы күрес жүргізбек. Ол және Ішкі қауіпсіздік департаменті Нью-Йорктегі террорлық шабуылды тексеруге араласатын болады.