Израиль премьер-министрі Нетаньяху палестиналықтарды Иерусалим қаласын Израиль астанасы екенін мойындауға, сол арқылы бейбітшілікті жалғастыруға шақырды. Оның айтуынша, Иерусалим 3 мың жылдан бері Израильдің орталық қаласы болып келген және «өзге бірде бір мемлекет оны астана ретінде қолданбаған». Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлады.
Осыған дейін бірқатар мұсылман елдерінде Иерусалим туралы АҚШ шешіміне наразылық білдірген демонстрациялар болды. Өткен аптаның соңында Ливиядағы АҚШ елшілігінің алдында қауіпсіздік қызметкерлер мен ереуілшілер арасында қақтығыс болды. Иерусалим қаласының өзінде де Израиль полиция қызметкерлерімен палестиналық наразы топ арасында қақтығыстар барған сайын жиілей түсуде. АҚШ шешіміне өкпелі Палестина үкіметі вице-президент Майк Пенспен алдын-ала жоспарланған келіссөзді күшінен қалдырды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған аталған мәселеге байланысты Стамбулда өткен шеруде сөз сөйледі. Ол сөзінде: «Иерусалимді жас балаларды өлтіретін мемлекетке бермейміз», – деді. Бұған Натеньяху «Түркия президенті Израильді балағаттады» деп отыр. Ол тіпті Ердоғанға қаратып: «Мен өз мемлекетіндегі күрдтерді басып-жаншыған, балағаттаған, журналистерді қамаған, Иранға салынған санкциялардан айналып өтіп, террорлық топтарға қолдау көрсетіп, жазықсыз адамдарды өлтірген лидерден ақыл сұрағым келмейді», – деді.
Ердоған Иреусалимның статусын өзгерту «мұсылмандардың қызыл сызығынан өткендік» деп бағалап, Түркия бұл үшін Израильмен болған дипломатиялық қатынастарын үзуі мүмкін екенін ескертті. Осыдан бір жыл бұрын ғана екі ел дипломатиялық қатынастарын бекемдей түскен еді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?