S&P халықаралық агенттігі мемлекеттік қолдау азайғандықтан "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының рейтингін "-ВВ" деңгейіне дейін төмендетті.
ҚМГ-ның шкала бойынша да рейтінгі "kzA"-дан "kzA-"-ға дейін төмендеді.
"Рейтингті төмендету ҚМГ-ға және басқа да мемлекетпен байланысы бар ұйымдарға мемлекет тарапынан берілетін қолдаудың азаюына байланысты болып отыр. Біздің ойымызша, "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры арқылы қолдау көрсету шаралары айтарлықтай қиын әрі көп уақыт алады, тіпті қор тарапынан қысым болғандықтан, ҚМГ-ның минортиарлы үлесін жекешелендіру қиындай түсуі мүмкін", - дейді агенттік өкілдері.
S&P мәліметінше, Қазақстан үкіметі өздеріне қатысы бар кейбір компаниялар мен ҚазМұнайГаздың қарызына шыдам танытып отыр, соның өзінде 2015 жылғы дағдарыс уақытында компанияға шектеулі көмек көрсетілген.
"Үкімет ҚазМұнайГазды "Самұрық-Қазына" арқылы бақылап отыр. Біздің ойымызша, бұл мемлекеттік қолдау көрсету механизмін қиындатып жібереді. Біз ҚМГ-ға мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысты түпкі шешімдерді қабылдайтын қор емес, мемлекеттің өзі деп есептейміз, активтердің құрамы мен қор стратегиясын айқындайтынын да мемлекет. Біз "Самұрық-Қазынаны" түрлі сектордағы активтерді басқарумен айналысатын мемлекет құралы деп қарастырамыз", - дейді сарапшылар.
Айта кетейік, "ҚазМұнайГаз" АҚ - квазимемлекеттік компания. Ұлттық бола тұра мемлекеттің сыртқы қарызының көп бөлігі осындай компаниялардың мойнында. Тіпті жұмысшылар жалақысына қатысты даулар да осы компанияда жиі болады.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды