400-ге жуық қазақстандық бала Сүрияда өмір сүріп жатыр. Бұл туралы «Вечерняя Астана» газетінде хабарланды.
"Біз күйеулердің діни көзқарастарына байланысты жиі зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдермен тығыз жұмыс істейміз. Оның үстіне қазіргі кезде біздің 390 бала Сүрияда жүр, енді оларды қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде, алдағы уақытта олармен де жұмыс істеуге тура келеді", - деп келтірілген басылымда Астана қаласының дін істері жөніндегі басқарма жетекшісі Данияр Есиннің сөзі.
Оның айтуынша, жыл басынан бері басқарма салафиттік идеологияны насихаттаған 1090 әлеуметтік желі қолданушысын анықтаған. Бұдан бөлек талдау жүргізу кезінде түрлі әлеуметтік желілерде деструктивті діни идеологияны насихаттайтын 589 дереккөз және Қазақстанда тыйым салынған террористік актілер мен деструктивтік идеологияны насихаттайтын 1277 материал таратылғаны анықталған.
«Біз өз тарапымыздан желілерде заңсыз миссионерлік қызмет көрсеткені үшін тұлғаларды жауапқа тартамыз», - дейді Есин.
Сонымен қатар, басқарма басшысының сөзінше, осы күнге дейін дінаралық қақтығыс тудырғаны үшін 3 адам жазаланған. Енді олармен құқық қорғау органдары айналысады.